Алматының орталығында орналасқан дәмхананың жазғы алаңы бұзылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қала құрылысы басқармасы Абай даңғылы 34 мекенжайда аспалы қосымша күрделі нысанның заңсыз тұрғызылғанын меншік иесіне хабарлап, тиісті шара өабылдаған.
Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен меншік иесі заңсыз тұрғызылған құрылысты мәжбүрлі түрде бұзды және ҚР ӘҚБтК 319-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Бөлшектеуді меншік иесі бір күн бұрын ерікті түрде жүргізді, - деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Айта кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 48 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылған еді.