Алматыда үйінен қоқыс тастауға шығып, ізім-ғайып жоғалған 16 жастағы жасөспірім төрт аптадан кейін табылды. BAQ.KZ бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
16 жастағы Айдос Әкімбаев 28 шілде күні Мамыр-3 шағын ауданындағы үйінен қоқыс тастау үшін шығып, жоғалып кеткен еді. Жасөспірімнің анасы әлеуметтік желіде қазақстандықтардан көмек сұрады.
Бүгін, 22 тамыз күні жасөспірімнің анасы Баян Әкімбаева желіде жазда жариялап, ұлының табылғанын мәлімдеді.
Баламды таптым. Айдосым қазір жанымда. Барлықтарыңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Отбасыма, жақындарыма, әріптестеріме және достарыма. Құдайға шүкір, – делінген жазбада.
Бұған дейін Алматыда жасөспірім қоқыс төгуге шығып кеткеннен оралмағандығын дазған болатынбыз.