Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жоғалып кеткен 14 жасар ұл бала табылды. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полицияда хабарлағандай, 20 ақпанында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Күнту Шерхан ата-анасына тапсырылды.Баланың жағдайы жақсы, ешқандай зиян шекпеген. Ата-анасына дені сау күйінде тапсырдық. Баланы қаланың төменгі бөлігінде тапты. Алматы полициясы департаменті басшылығы және жұртшылық атынан іздестіру іс-шараларына көмектескен еріктілерге ерекше алғыс білдіреміз. Айта кетейік, Күнту Шерханды іздеуге 150-ден астам адам қатысты, олардың ішінде полиция қызметкерлері, еріктілер мен педагогтар бар. Біз жасөспірімнің аман-есен табылатынына сендік. Өз бетімен үйден кетіп қалу себебін әлі анықтап жатырмыз, - деді Алматы қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы Лейла Әліпбаева.
Естеріңізге сала кетейік, баланың жоғалғаны туралы Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Мақсат Кикимов Instagram-дағы парақшасында жариялаған еді.