Алматыда ірі наркологиялық зертхананың қызметі тоқтатылды

23 Қазан 2024, 21:12
284
Бөлісу:
Алматыда ірі наркологиялық зертхананың қызметі тоқтатылды
Фото: Артём Чурсинов -архив

Алматыда есірткі қылмысына қарсы белсенді күрес жалғасуда – 2024 жылдың 22 қазанында қала прокуратурасының үйлестіруімен ірі есірткі зертханасы сәтті жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Операция барысында қылмыстық кәсіпорынының ұйымдастырушысы И.Б.М. ұсталды.

Зертхананы тінту кезінде 3 полиэтилен пакетке оралған 15 кг дайын мефедрон, әрқайсысы 30 литрлік 36 канистр, 10 литрлік 4 канистр, бес литрлік 5 шелек, 8 литрлік сұйықтық сақталған пластик бөтелкелер, сондай-ақ сору жүйесі бар моншасы, оның ішінде реагенттерді араластыру үшін қолданылатын 150 литрлік бөшке, электронды таразы, тыныс алу маскалары, араластыруға бейімделген бұрағыш, 8 пластикалық науалар табылып тәркіленді.

Тәркіленген барлық құрал-жабдықтар мен заттар сараптамаға жіберілді. Зертхананы ұйымдастырушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ағымдағы жылы Алматы қаласының прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, қалада белсенді жұмыс істеп тұрған 22 наркологиялық зертхананың жолын кесті.

Өзгелердің жаңалығы