Алматыда Интерполдың сұрауымен шетелдік азамат ұсталды

5 Қазан 2024, 09:51
937
Бөлісу:
Алматыда Интерполдың сұрауымен шетелдік азамат ұсталды
Фото: polisia.kz

Алматы қаласының халықаралық әуежайында Интерполдың сұрауымен Моңғолия азаматы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, құжаттарды қолдан жасағаны және салық, кедендік төлемдер мен алымдарды төлемеу мақсатында контрабандаға барғаны үшін Польшаның құқық қорғау органдарымен іздеу жарияланған.

Қылмыстық топтың құрамында болған және жалған моңғол дипломатиялық құжаттарын қолданған ер адам Польшаға 1,7 млн бумадан астам темекіні заңсыз тасымалдаған. Кедендік алымдардан жалтарған. Осылайша бұл мемлекетке шамамен 50 000 АҚШ доллары көлемінде шығын келтірген, - делінген хабарламада.

Ұсталған адам қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы