Алматыда инфрақұрылымға қанша қаржы жұмсалады?

16 Тамыз 2023, 19:33
877
Бөлісу:
Алматыда инфрақұрылымға қанша қаржы жұмсалады?

Мәслихат сессиясына Алматы қаласының 2023 жылғы бюджетіне өзгерістер ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сатып алудан қалыптасқан үнемдеудің, сондай-ақ салықтық және салықтық емес түсімдердің өсуінің арқасында қала дамуына одан әрі инвестиция салуға мүмкіндік туған.

Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 81,9 млрд. теңгеге ұлғайған. Бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің арасында 17,7 млрд. теңге бюджет қаражатын ішкі қайта бөлу есебінен жүргізілді .

Аталған қаражат қаланың тіршілігін қамтамасыз ету жұмыстарына және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатын болады.

Басым шығын әлеуметтік салаға тиесілі. Бұл 2023 жылғы бюджет шығындарының 58,7%-ін немесе 48,1 млрд. теңге.

Мәселен, білім саласына 13,6 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр, оның ішінде:

Биыл 13 мектепке дейінгі ұйымда, 5 мектепте және 3 колледжде ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған. Оған 910,7 млн. теңге бөлінеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қыркүйек айынан бастап жергілікті бюджеттен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тегін тамақпен қамтамасыз етуге 462,5 млн. теңге қаражат көзделген.

4 мектепті (№174, №195, №155, №189) салу және реконструкциялау жұмыстарының басталуына 700 млн. теңге жоспарланған.

Балабақшалардағы орын тапшылығын төмендету мақсатында Орбита-3, Шұғыла, Құрамыс шағын аудандарында 3 балабақша құрылысын бастауға 300 млн. теңге бөлінеді. Бұл аталған аудандарда 1100-ге жуық баланы қамтуға мүмкіндік береді.

Оқу орындарын жылыту маусымына дайындау шеңберінде 14 мектеп пен 15 колледжде жылыту жүйелерін ағымдағы жөндеу үшін 909,1 млн. теңге бөлінеді.

Алмалы және Бостандық аудандарында 2 мектепті сейсмикалық күшейту жоспарланып отыр. Бұл ретте 150 млн. теңге бөлінеді.

9 әлеуметтік объект бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеуге (2 мектеп, 5 балабақша, 1 дамыту және шығармашылық орталығы және 1 колледж жатақханасы) 374,6 млн. теңге қарастырылған;

Денсаулық сақтау саласына 3,8 млрд. теңге қарастырылған.

12 медициналық ұйымға орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшелерін жабдықтау үшін медициналық жабдықтарды сатып алуға қаражат бөлінеді. Жалпы сомасы 2,3 млрд. теңге.

5 денсаулық сақтау объектісін салу бойынша ЖСҚ әзірлеуге 158,3 млн. теңге сомасында қаражат көзделген.

Сирек кездесетін (орфандық) аурулардың 8 түрі бойынша 553 пациентті тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін 495,3 млн. теңге көзделген.

Мәдениет және спорт саласына 6,7 млрд теңге қарастырылған.

Кітапхана жүйесінің, театр және музыка өнерінің 8 ведомстволық бағынысты ұйымының 2 мыңға жуық қызметкерінің жалақысын 30%-ға дейін арттыруға қаражат бөлу қарастырылды. Бұл мақсатқа 349,7 млн. теңге бөлінеді.

Олимпиадалық резервтегі 8 мамандандырылған балалар – жасөспірімдер мектебін және дарынды балаларға арналған интернатты, жыл сайынғы контингенті 12,4 мың баланы құрайтын жоғары спорт шеберлігі мектебін ұстауға 500-ден астам спортшыға 569,2 млн. теңге бөлінеді.

Даму бағдарламасының бір бағытын іске асыру мақсатында дамушы аудандарда кітапханалар кеңістігін кеңейту шеңберінде 5 кітапхана филиалын ашу үшін
861,3 млн. теңге сомасына үй-жайларды сатып алу жоспарланған.

Сонымен қатар, кітапхана жүйесін цифрландыру барысында жалпы сомасы 599,6 млн теңге бөлініп, жұмыстар жалғасуда. Бұл кітаптарды алу үдерісін автоматтандырып, оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттырады.

Қаланың көлік инфрақұрылымын дамытуға 5,1 млрд теңге қарастырылған.

Даму бағдарламасының бір бағытын іске асыру шеңберінде бірыңғай платформалық ақпараттық жүйелермен біріктірілген жайлы және қолжетімді қаланы құру үшін жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгеге автобус аялдамаларында 1000 ақпараттық (электрондық) табло орнату жоспарланған.

Бірінші метро желісінің екінші кезегі «Б. Момышұлы» станциясынан «Қалқаман» станциясына дейінгі кешенінің құрылысы жалғасуда. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 275,5 млн теңге бөлу жоспарлануда.

«Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейінгі бірінші метро желісінің үшінші кезегінің құрылысын жобалау жұмыстарын бастауға 100 млн теңге бағытталады.

Алатау ауданы, «Шаңырақ-1» шағын ауданындағы жол құрылысын жалғастыруға 428,5 млн. теңге жоспарлануда.

Қоғамдық көлік жүргізушілерінің тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында, Мөңке би көшесінің оңтүстігі мен Оңғарсынова көшесінің шығысында тұрақтау-бұрылу алаңдарын салуды жоспарлауға 10 млн. теңге қаралады.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 2,4 млрд теңге қарастырылған.

Адамдар көп жиналатын орындарда, аулаларда, кіреберістерде, саябақ алаңдарында, спорт және ойын алаңдарында бейнебақылау жүйесін кеңейту үшін 6000 камера орнатуға сомасы 616 млн теңге көлемінде қосымша қаражат жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы