Алматыда індет жұқтырған екі адамның жағдайы ауыр

11 Сәуір 2020, 10:40
1032
Бөлісу:
Алматыда індет жұқтырған екі адамның жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырған соңғы 28 адамға қатысты мәліметтер. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі мәлімдеді.

Алматы қаласында тіркелген 5 адам бұған дейін ауырғандармен байланыста болғандар. Оның екеуі әйел, үшеуі ер адам. Екі ер адамда жағдайы ауыр деп бағаланады, полисегментальды пневмонияға байланысты. Қалғанының бәрі қанағаттанарлық - делінген хабарламада.

Қызылорда облысында тіркелген 11 адам жайлы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Атырау облысында тіркелген 11 адам да бұған дейін індет жұқтырған адамдармен байланысқа түскен барлық жаңадан тіркелген адамдар карантиндік оқшаулауда болған. Бекітілген емдеу хаттамасына сәйкес тиісті ем алып жатыр.
Науқастармен байланыста болған тұлғалар анықталып медициналық бақылауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы