Алматыда ІІ Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді

Бөлісу:
Алматыда ІІ Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда ІІ Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыда 21-24 қазан аралығында ІІ Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі Almaty puppet festival – 2024 өтеді. Биыл оған Қытай, Польша, Чехия, Болгария, Грузия, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Башқұртстан және Қазақстанның үздік театр ұжымдары қатысады.

ІІ Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі Almaty puppet festival – 2024 қала мәдениетінің маңызды оқиғасы болмақ, сондай-ақ қуыршақ өнерінің шеберлері арасында тәжірибе мен идея алмасу алаңына айналады.

Фестиваль аясында түрлі ерекше қуыршақ кейіпкерлері бар қойылымдардан бөлек, танымдық шығармашылық кездесулер мен шеберлік дәрістері де өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы