Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Ғылым қоры химия саласындағы ғылыми жобалардың тұсаукесерін ұйымдастырып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғалымдар мен инвесторлар және кәсіпкерлер бас қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
"Химия өнеркәсібі бойынша технологияларды коммерцияландыру реакторы" диалог алаңында қатысушылар ғылыми жобаларды енгізу және инновацияларды коммерцияландыру мәселелерін ортаға салды.
Кездесудің мақсаты – бизнес өкілдерін университет ғалымдары әзірлеген инновациялық жобалармен таныстыру, ғылым мен бизнесті біріктіру, ғылыми жобаларды нарыққа шығару, коммерцияландыру бағытындағы түйткілді мәселелерді қарастыру, - делінген министрліктің ақпаратында.
Іс-шара барысында ғалымдар инвесторларға ғылыми әзерлемелерін таныстырды. Атап айтқанда, көмірдің шаң тәрізді фракциясын кешенді пайдалану, құрамында күкіртсутегі бар газдарды тазарту, мұзға қарсы заттарға арналған натрий форматын және өзге де инновациялық жобалар бар.