Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымовтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібі әлеуметтік әріптестік шеңберінде еңбек қатынастарын, оның ішінде кәсіподақ қызметін реттеудің бірқатар маңызды мәселелерін қамтыды.
Әлеуметтік-еңбек саласының жұмыстан босатуға, банкроттық кәсіпорындарындағы жалақы бойынша берешекке, қала кәсіпорындарындағы өндірістік жарақаттанудың алдын алуға қатысты негізгі проблемалары талқыланды.
Еңбек нарығындағы кәсіпорындардың штат санының қысқаруы себебінен жұмыс күшінің босатылу жағдайын бақылау мақсатында апта сайын қала әкімінің бақылауымен мониторинг жүргізілуде.
Осы жылдың басынан қаланың 447 кәсіпорнында сауалнама жүргізілді, оның ішінде 84 ірі, 123 орта, 240 шағын кәсіпорындар. Ондағы қызметкерлердің тізімдік саны 115,7 мың адамды құрады. Штаттың қысқаруына байланысты жұмыстан босатылғандар саны – 21 кәсіпорында 177 адам. 2021 жылдың басынан еңбек инспекторларымен 653 өтініш қаралды, оның ішінде 201 өтініш шағын кәсіпкерлік субъектілерінің іс-әрекеттеріне, 6 ұжымдық өтініш, - делінген хабарламада.
Еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған 57 тексеру жүргізілді, 39 заңбұзушылық анықталды, 27 бірлік нұсқама шығарылды, 14 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, салынған айыппұлдар сомасы 3,1 млн теңгені құрады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалақы бойынша берешек 143,4 млн теңгеге төмендетілді, осылайша 486 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды.
Үшжақты комиссия мүшелерімен қорытындылай келе, кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстар кешенді түрде жүргізіліп, еңбек дауларын шешу және алдын алу бойынша қоғамдық бақылау кәсіподақтардың басты функциясы болып табылатыны атап өтілді.
Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында өз қызметін 11салалық және 11 жергілікті кәсіподақтардың филиалына біріктірілген 715 бастауыш кәсіподақ ұйымдары жүзеге асырады, олардың жұмысын аумақтық кәсіподақтар бірлестігі үйлестіреді және шоғырландырады. Кәсіподақтардың қорғауына 200 мың мүшесінің әлеуметтік-экономикалық мүдделері мен еңбек құқықтары алынды.
Отырыс қорытындысы бойынша әкім орынбасарымен жалақыны уақытылы төлеуді қатаң бақылауға алу, жанжалдарға жол бермеу бойынша жедел әрекет ету шараларын қабылдау тапсырылды және әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Жұмыс орындарының қысқартылуын, жалақы бойынша берешекті болдырмау, еңбек қауіпсіздігі, сондай-ақ еңбекті қорғау мәселелері әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырыстарында үнемі қаралады.