Алматыда халықты вакцинациялауға мыңға жуық волонтер тартылды

13 Сәуір 2021, 11:53
1443
Бөлісу:
Алматыда халықты вакцинациялауға мыңға жуық волонтер тартылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда халықты жаппай вакцинациялау ісіне 970 волонтер тартылды. Бұл туралы Алматы қаласының жаппай вакциналау штабы еріктілерінің үйлестірушісі Жәнібек Солтанай онлайн брифингте айтты.

2021 жылдың сәуір айынан бастап Алматы қаласының медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық коллдеж студенттері мен оқытушылары вакцинациялау жұмысына белсенді араласуда. Жалпы саны 970 волонтер мен мамандардың барлығы Алматы жоғарғы медициналық колледжі, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебі және Колумбиялық университет жанындағы Айкап ұйымының ұйымдастыруымен арнайы оқыту курсынан өткен.

Шақырылған 970 волонтер мен маманның 120-сы резидентура, 149-ы интернатура, 221-і бакалавр, жалпы саны 490 білім алушы жұмылдырылған. Бүгінгі таңда қаламыздың 91 емханасы, сауда-ойын орталықтары мен базарларда 364 волонтерлер мен шақырылған мамандар вакцинация пункттерінде қызмет атқаруда. Қалғандары резервтік тізімнің құрамына еніп, күнделікті пункттердегі қызметкерлер қатарына қосылуда, - дейді Жәнібек Солтанай.

Оның айтуынша, вакцинация пунктеріндегі координатор қызметін медициналық колледж студенттері мен Алматы қаласының медициналық емес университеттерінің студенттері атқаруда. Олар пунктердегі бетперделік режимнің, 1,5 метр әлеуметік арақашықты сақтауды қадағалау, адамдар ағымын реттеу, ақпараттық келісім қағаздары мен вакцинация жайлы көрнелік құралдарды таратумен айналысады.

Тіркеуші қызметінде медициналық жоғарғы оқу орнының студенттері мен интерндері медициналық ақпараттық жүйеде жұмыс істейді. Негізгі орта медициналық қызметкерлерге дәрігер-интерндер көмек көрсетуде. Сонымен қатар, дәрігер-резиденттер келушілердің артериялық қан қысымын өлшейді, термометрия жүргізіп, анамнез жинайды және вакцинациядан кейін науқастарды бақылау жұмысымен айналысады,-деді ол.

Өзгелердің жаңалығы