Алматыда Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы басталды

3 Маусым 2024, 11:27
1803
Бөлісу:
Алматыда Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы басталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Сот отырысында судья айыпталушы мен олардың қорғаушыларының суреттерін жариялауға тыйым салу туралы өтінішін қабылдады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалды мен оның бұрынғы жүргізушісі Мәди Батыршаевқа қатысты кәсіпкерді бопсалау және заңсыз бас бостандығынан айыру туралы іс бойынша сот талқылауы басталды. Төрағалық етуші судья - Мартпек Кәкімжанов.

Бұған дейін сот Астанадан Алматыға Гүлмира Сатыбалдыны кезең-кезеңімен өткізу туралы қаулы шығарған болатын. 

Сондай-ақ залда жәбірленуші кәсіпкер Жүнісов пен оның екі ағасы бар. Тыңдаулар офлайн режимде өтеді. 

Сот отырысы басталмас бұрын сот айыптау және қорғау тарапын тыңдап, сотталушылар мен олардың адвокаттарын фотоға түсіруге және жариялауға тыйым салды. 

Судья тәртіп бұзушыларға шара қолданылатынын да ескертті.

Бұған дейін Гүлмира Сатыбалды Қызылордада жылу желілерін тарту кезінде 440 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталып, жазасы қатаңдатылғанын хабарлаған болатынбыз. 

Сонымен қатар Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істі сотқа жібергенін жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы