Алматыда гүл сатқандар қоқысты көшеге тастап кеткен

9 Наурыз 2023, 21:47
1052
Бөлісу:
Алматыда гүл сатқандар қоқысты көшеге тастап кеткен
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда ашық алаңқайларда, базарларда гүл сатқан саудагерлер қаланы қоқыс үйінділеріне айналдырды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Тазалық қызыметкерлері 9 наурыз күні қала аумағын тазартудың орнына, сауда орындарын тазартуға және осы учаскелерді санитарлық нормаларға сәйкестендіруге күш жұмсаған.

Осыған орай, Алматы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қала түрғындарымен саудагерлеріне ескерту жасады. 

Қала аумағында жүргізілген кез келген іс-шаралардан, жасаған саудаңыздан  кейін, арнайы бөлінген жерлерде тазалық пен тәртіпті сақтауларыңызды өтінеміз. Тазалық – денсаулық кепілі. Қаламызды көркейтуге әр тұрғын ат салысуы қажет, – деді Алматы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

Айта кетерлігі көгалдандыру жүмыстарына кедергі жасағандар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз.

Өзгелердің жаңалығы