Алматыда ескі шамдарды жаңасына жаппай ауыстыру жүріп жатыр

Бүгiн, 00:25
142
Бөлісу:
Алматыда ескі шамдарды жаңасына жаппай ауыстыру жүріп жатыр
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша ескі сынап және натрий шамдары жаңа жарықдиодты (LED) шамдарға ауыстырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ мегаполис әкімдігіне сілтеме жасап.

Биыл 10 ай ішінде қалада бес мыңнан астам жарықтандыру құрылғылары ауыстырылды.

Шамдарды ауыстыру бүкіл көшелер мен шағын аудандарды қамтыды. Мысалы, Наурызбай ауданында Абай мен Алатау даңғылдарының қиылысында ескілерінің орнына 335 жаңа шам орнатылды. Түрксіб ауданындағы Сүйінбай даңғылында Бекмаханов көшесінен Красногорская көшесіне дейін 260 шам ауыстырылды. Жетісу ауданындағы Көкжиек шағын ауданының көшелерінде 120 шам ауыстырылды, ал Алатау ауданының Зерделі шағына ауданында осыншама шам жаңарды.

Біздің Шапағат шағын ауданында №151 мектептің жанында ескі сары шамдар тұрды, олар өте күңгірт жанатын. көшеде жарық қосулы кезде қараңғы болды. Балалар сабақтан жартылай қараңғыда оралды, ата-аналар алаңдап, әкімдікке шағымданды. Міне, бізді ақыры естіді. Алматының Қала Жарық бригадасы келіп, барлық шамдарды жаңасына ауыстырды. Олар өте жарқырайды, енді түнде көшеде күндізгідей жарық болады, біз компания мен әкімдікке жайлылық пен қамқорлық үшін алғыс айтамыз, - дейді шағын аудан белсендісі Сара Жанетова.

"Алматы Қала Жарық" таратқан мәліметке сүйенсек, сапалы LED-шам 50 мың сағатқа дейін үздіксіз жұмыс істей алады – бұл ескі үлгідегі аспаптарға қарағанда 30 есе ұзағырақ. Бұл жағдайда энергияны үнемдеу 90% дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар жарықдиодты шамдар кәдеге жаратуда қиындықтар туғызбайды, өйткені құрамында сынап пен натрий жоқ.

Ескі шамдарды жаңасына ауыстыру жұмыстары 2025 жылы да жалғасады. Олар аудандық әкімдіктермен бірлесіп өткізіледі, олардың балансында қаланың сыртқы жарықтандыру желілері бар.

Өзгелердің жаңалығы