Есірткі мен есірткі қылмысына қарсы күрес мақсатында Алматыда Esirtkisiz QAZAQSTAN жобасы аясында жаңа фронт-кеңсе ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба "Esbol Qory" қоғамдық қорының бастамасымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылды.
Фронт-кеңсенің негізгі бағыттары:
- Жастарды, ата-аналар мен мұғалімдерді өмірлік дағдыларға үйрету;
- Кешенді және жүйелі алдын алу шараларын өткізу;
- БҰҰ стандарттарына сәйкес есірткіге қарсы еріктілерді даярлау;
- Қаладағы есірткі ахуалын бақылау және тиімді шешімдер әзірлеу.
Бұл кеңсе — елімізде есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған ұлттық стратегияның бір бөлігі.
Кеңсе Алматы қаласы, Серіков көшесі, 6а/1 мекенжайында орналасқан.