Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда есірткі айналымына қатысы бар шетелдік азамат ұсталды

Кеше, 19:53
288
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматы қаласында полицейлер есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен бірнеше адамды ұстаған. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде ұсталғандардың бірі шетелдік азамат болып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тінту барысында шетел азаматынан ұнтақ тәрізді зат салынған бірнеше орам табылған. Тәркіленген заттардың тыйым салынған есірткі құралдары екені сараптама қорытындысында мәлім болды.

Сондай-ақ медициналық куәландыру нәтижесінде күдіктінің психоактивті заттарды тұтынғаны анықталды. Материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тәртібімен тіркеліп отыр. Барлық мән-жай анықталып жатыр.

Оған қоса күдіктінің «жасырын қойма» тәсілі арқылы жүзеге асырылатын ықтимал курьерлік қызметке қатыстылығы тексеріледі.

Біз есірткі таратудың жолдарын жүйелі түрде анықтап, курьерлік желілерге тартылған тұлғаларды әшкерелеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеміз. Мұндай жедел іс-шаралар үздіксіз өткізіледі және әрбір анықталған дерекке құқықтық баға беріледі, – деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Өзгелердің жаңалығы