Алматыда «Есентай» өзенінің түбін тереңдету жұмыстары жүргізіледі

5 Наурыз 2023, 12:13
1100
Бөлісу:
Алматыда «Есентай» өзенінің түбін тереңдету жұмыстары жүргізіледі

Алматы қаласы көктемгі су тасқыны кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылар, азаматтық қорғау қызметтері мен әскерилер «Көктем-2023» оқу-жаттығуын өткізді. 54 шақырым өзен-көлден 640 текше метрден астам лай мен қалдықтар шығарылды. Бұл туралы Хабар24 жазды.

«Есентай» өзенінің түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп, 7 аудандағы арықтардың бойы жабайы өсімдіктер мен тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Жалпы, тасқын кезеңіне дайындық шарасына 600-ден аса адам мен 309 арнайы және инженерлік техника жұмылдырылды. 

Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, 40 мыңға жуық халық тұратын қаланың төменгі бөлігінде су тасқыны қаупі азайды.

Өзгелердің жаңалығы