Алматыда көлік көп жолдардың бірінде жаяу жүргіншіні қағып, өкінішке қарай, ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін, 4 қыркүйекте, сағат 01:15-те Наурызбай ауданында болған.
Subaru маркалы автокөліктің жүргізушісі Ташкент трактісі бойымен шығыс бағытта келе жатып, 1986 жылы туған ер адамды қағып кеткен. Ол жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен, – деді полицияда.
Алынған жарақаттардың салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болған.
Қайғылы жол-көлік оқиғасы бойынша Алматы қалалық Полиция департаментінің Анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда автобус екі кәмелетке толмаған қызды жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткенін хабарлаған едік. Қыздар электросамокатпен келе жатқан.