Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда ер адам көшеде бойжеткенді сабап тастады

12 Сәуір 2025, 19:38
1142
Бөлісу:
 Арман Мухатов
Фото: Арман Мухатов

Әлеуметтік желілерде Алматының Арбатында жігіттің қызды жұрт көзінше ұрып-соққан сәті түсірілген видео тарады. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, көпшілік күдіктіні жауапқа тартуды талап етуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Telegram-дағы Almatysuntimes арнасында жарияланған видеода қыз алдымен жігітті қуып жетіп, итеріп жібереді. Бұған жауап ретінде ер адам бұрылып, бірнеше рет басынан ұрады. Айналадағылар араша түсіп, агрессорды тоқтатуға тырысқан. Қыз болса, басын ұстап, шетке кетіп қалады.

Оқиға Алматыдағы танымал қоғамдық орындардың бірі — Арбатта болған. Қазіргі уақытта жанжалдың неден шыққаны белгісіз. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Алмалы аудандық полиция басқармасы бұл факті бойынша тексеру жұмыстарын бастап кеткен.

Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті міндетті түрде ұсталып, заңға сәйкес жауапқа тартылады,– делінген полицияның ресми хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы