Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда ер адам балалар алаңында итке қатыгездік жасады

Нұрқанат Атажан
21 Шілде 2025, 14:03
1212
Бөлісу:
 Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Алматы тұрғыны итін балалар алаңындағы турникке байлап, өзі жаттығуға кеткен. Бұл жағдайды куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Желіде жарияланған кадрларда иттің мойны мен аяқтары турникке байланғаны көрінеді. Jagdai мәліметінше, ит ауырсынғаннан қыңсылап, бұлқынған. Өтіп бара жатқан адамдар ескерту жасағанда, иттің иесі агрессивті әрекет көрсеткен. Полиция келгенше, ол итін ертіп, алаңнан кетіп қалған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізген.

Тексеру нәтижесінде ер адамға ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес шара қолданылып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады ПД.

Өзгелердің жаңалығы