Алматыда еңбек иммигранттарына мемлекеттік қызмет жаңа мекенжайда көрсетіледі

3 Қазан 2022, 12:42
885
Бөлісу:
Алматыда еңбек иммигранттарына мемлекеттік қызмет жаңа мекенжайда көрсетіледі
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» баспасөз қызметі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ  баспасөз қызметі 3 қазаннан бастап Алматы қаласы бойынша Көші-қон қызметтері орталығы еңбек иммигранттарына мемлекеттік қызметті жаңа мекенжай бойынша көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

Құрметті қызмет алушылар! 2022 жылдың 3 қазанынан бастап Алматы қаласы бойынша Көші-қон қызметтері орталығы еңбек иммигранттарына мемлекеттік қызметті жаңа мекенжай бойынша көрсетеді. Осыған дейін Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Шұғыла» шағын ауданы, 347/2 мекенжайында қызмет көрсеткен орталық енді Түрксіб ауданы, «Қайрат» шағын ауданы, 181-182 к.2 («Жетісу-Семиречье» базары, 2-қабат) мекенжайында қызмет көрсетеді.  Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ  баспасөз қызметі.

Орталықтың жұмыс уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығы, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін. Сенбі, жексенбі күндері – демалыс.

Өзгелердің жаңалығы