Алматыда электроскутер мінген 17 жастағы екі қызды автобус қағып кетті

Алматыда жолаушылар автобусы электроскутер мінген екі қызды қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 "Твой Алматы"  / Telegram-канал 4 Қыркүйек 2025 2025, 03:55
4 Қыркүйек 2025 2025, 03:55
1120
Фото: "Твой Алматы" / Telegram-канал

Алматыда жолаушылар автобусы электроскутер мінген екі қызды қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық полиция департаментінің мәліметі бойынша, оқиға сағат 12:30-да Алмалы ауданында болған.

Автобус жүргізушісі Мақатаев пен Уәлиханов көшелерінің қиылысында 17 жастағы екі қызды қағып кетті. Полицейлер қыздардың жаяу жүргіншілер өткелінде скутер мінгенін анықтады.

Екі скутер жүргізушісі де дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Наверх