Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының фойесінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған құжаттық, экспозициялық және кітап көрмелері циклының ашылуы болды.
"Қазақстанның жазба мәдениеті уақыт ағымында: жазу тарихы және жазу ескерткіштерінің жандануы" атты көрмені ҚР Ұлттық кітапханасы мен "Қырым аралы" ғылыми-реставрациялау зертханасы бірлесіп ұйымдастырған. Көрме сондай-ақ Орта Азия мен Қазақстан аумағында хаттың пайда болуы мен дамуына арналған.
Экспозицияда кітаптардың тарихи ізашарлары, жартастағы суреттер – петроглифтер ұсынылған, олар ғасырлар қойнауынан бастау алған сөйлеу – жазудың шартты белгілері арқылы тілдесу тәсілінің жарқын үлгісі. Ең алғашқы жазба коммуникациялардың бірі - Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы жұмбақ белгілер, оларды оқып шығу осыған ұқсас жаңа жазуларды ашуды талап етеді. Ежелгі Қаңлы мемлекетінде жазба мәдениеттің таралуына байланысты Күлтөбе қалашығындағы саз кірпіште бейнеленген жолдаудың түсіндірмесі бар. Ежелгі түркілердің руналық хатымен көптеген халықтардың – Ұлы Дала өркениеті мұрагерлерінің жалпы тарихының ең алғашқы парақтары жазылған.
ҚР Ұлттық кітапханасы Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметі қорынан араб жазуымен жазылған қазақ тіліндегі және латынша бірегей басылымдар қойылған.
Орталық Азиядағы жалғыз зертхана болып табылатын «Қырым аралы» зертханасы археологиялық жәдігерлерді қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары толық циклының жұмыс топтамасын ұсынған. Жыл бойы ҚР Ұлттық кітапханасы мен «Қырым аралы» ғылыми-қалпына келтіру зертханасы Қазақстанның жазба және баспа мәдениетінің тарихымен, кітап раритеттерін қалпына келтірудің қиын үдерістерімен, сондай-ақ ата-бабаларымыздың материалдық және рухани мәдени мұрасын сақтау жөніндегі өз жұмыстарымен таныстырады.
ҚР Ұлттық кітапханадиректоры Бақытжамал Оспанова аталған көрменің басты мақсаты – мемлекетіміздің, ұлтымыздың тарихы мен жетістіктерін, жасампаздық жолын кеңінен насихаттау екенін жеткізді.
Биылғы жыл еліміз үшін тарихи маңызды жыл. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Осы мерейтой аясында бірқатар айтулы күндер аталып өтпекпіз. Соның бірі Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы, Семей полигонының жабылуына 30 жыл, Ұлы халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы, Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы және тағы басқа. Тәуелсіздік бұл қастерлі ұғым. 30 жыл бұрын еліміз ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап келген тәуелсіздікке ие болып, егемен мемлекетке айналды. Біздің басты мақсатымыз – мемлекетіміздің, ұлтымыздың тарихы мен жетістіктерін, жасампаздық жолын кеңінен насихаттау. Бүгін осы іс-шараның басталуы ретінде құжаттық-экспозициялық және кітап көрмелері циклін ашып отырмыз. Көрмеге сирек кездесетін жазбалар қойылған. Оның ішінде араб және латын қарпімен жазылған қазақ кітаптары да бар,-деді ол.
Іс-шараға мұрағаттар, мұражайлар басшылары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, ЖОО оқытушылары мен студенттері, БАҚ және қала кітапханашылары қатысты.