Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың 16 қарашасы күні Алматыда ҚР Тұңғыш президенті Қорының ұйымдастыруымен "Ел үміті" жастар форумы өтеді.
Айта кетсек, бұл – екінші марафон, алғашқысы 3 қараша күні батыс өңірінің жастары үшін Ақтөбеде өткен.Халық арена» спорт сарайында Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент және Алматы қалаларының білім және ғылым, бизнес пен медицина, мәдениет және спорт, экономика мен қоғамдық өмірдегі белсенді жастары Елбасы қолдауымен жүзеге асырылған бағдарламалардың арқасында жеткен жетістіктерімен бөліседі, - делінген хабарламада.
Марафонға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев, Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен мәдениет және қоғам қайраткерлері қатысады деп күтілуде.
Қазақстан қалаларында өткізіліп жатқан аталған марафон Елбасының "Ел үміті" бастамасының аясында ұйымдастырылып жатыр. Басты мақсат – талантты балалар мен жастарды анықтап, оларға қолдау көрсету, - делінген хабарламада.