Алматыда экономиканың тұрақты өсімі байқалады

22 Желтоқсан 2022, 17:55
1302
Бөлісу:
Алматыда экономиканың тұрақты өсімі байқалады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің есеп беру брифингінде Алматы қаласы әкімінің  орынбасары Әлішер Әбдіқадыров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мегаполис республика өңірлері арасында жетекші орынға ие, ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 6,2%-ға дейін өсті.

Әлішер Әбдіқадыровтың айтуынша, өсімнің драйвері өсу қарқыны бойынша елімізде бірінші орында тұрған өңдеуші өнеркәсіп болды. Қала экономикасының ірі саласы – сауда, ең алдымен, көтерме сауданың 6,0%-ға өсуі есебінен 5,6%-ға дейін өсті.

Экономиканы қалпына келтірудің жоғары қарқыны салық түсімдерінің өсуін қамтамасыз етті. Салық түсімдері 42,1%-ға өсіп, 3 581,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде ШОБ субъектілерінен – 49%-ға, – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

Инвестициялық белсенділіктің жоғары деңгейін жеке инвестициялардың 16%-ға өсуінен болғанын атап өткен жөн. Бұл ретте бірінші жартыжылдықта тікелей шетелдік инвестиция 32 пайызға өсіп, 2,3 миллиард долларды құрады.

ӨКҚ спикері жыл басынан бері 1,2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылғанын нақтылады. Жалпы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Алматы эконмикасы 5,0%-ға дейін өседі деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы