Алматыда екі жас турист құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалында 21-22 жас аралығындағы екі турист Панорама шыңына тауға көтерілген. Ауа-райын алдын ала көріп алмағаннан, қатты дауыл астында қалып тиісті уақытқа дейін түсе алмады.
ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары жоғалған ер-азаматтарды “Панорама” құтқару лашығынан тауып, Алматы қаласына аман-есен түсірді, - делінген министрлік хабарламасында.
Жастарға медициналық көмек қажет болмады.