Алматыда екі турист қыз қатты жауында қалып, таудан түсе алмай қалған

Жаңбырға байланысты топтан қалып қойған екі қыз Аюсай шатқалына бара жатқан жолда таудың баурайында тұрып қалған.

 ТЖМ баспасөз қызметі 4 Тамыз 2025 2025, 11:27
4 Тамыз 2025 2025, 11:27
1062
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жаңбырға байланысты топтан қалып қойған екі қыз Аюсай шатқалына бара жатқан жолда таудың баурайында тұрып қалған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

2004-2008 жылдары туған 6 адамнан тұратын туристік топ Аюсай шатқалына жорық жасаған. Алайда топтың негізгі бөлігі "Үш аю" алаңқайына түсіп кеткен кезде, бөгеліп қалған екі қыз жаңбырға қалып, өз бетімен төмен түсе алмаған, – деп мәлімдеді ТЖМ.

Қыздар бірнеше сағат бойы жаңбыр астында көмек күткен.

Түнде Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері таудың 1600 метр биіктігіндегі баурайынан 19 жастағы екі қызды эвакуациялады.

Жоғалған туристер визит-орталыққа жеткізіліп, алаңдаған туыстарына табысталды.

Наверх