Алматы қаласына қарасты Алатау ауданында ЖКО болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Екі көлік те Рысқұлов даңғылының бойымен батыс бағытта жүріп келе жатқан.
Volkswagen көлігінің жүргізушісі маневр жасау барысында Toyota көлігімен соқтығысқан.
Ол көпірдің тірегіне соғылып, жолдан шығып кетіп, аударылған.
Toyota көлігінде жүргізуші мен бес жолаушы болғандығы анықталды. Олар медициналық тексеруден өту үшін қалалық ауруханаларға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады, - делінген ведомство хабарламасында.