Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі оқыс жағдайда қаза тапқан балалардың ата-анасына көңіл айтты.
Наурызбай ауданында 3 пен 5 жастағы балалардың қазасына байланысты ата-аналарына көңіл айтамын. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл жазатайым болған оқиға. ЖП-ға мән-жайды анықтап, объективті тергеу жүргізу тапсырылды. Жағдайды жеке бақылауыма алдым, - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында.
Аталған жағдай бойынша Полиция департаментіне жағдайды егжей-тегжейлі анықтап, тергеу амалдарын жүргізу тапсырылды.