Алматыда дзюдодан төрешілерге арналған халықаралық емтихан өтті

9 Шілде 2024, 21:10
267
Бөлісу:
Алматыда дзюдодан төрешілерге арналған халықаралық емтихан өтті
Фото: olympic.kz

Дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогінде 20 елден 32 төреші практикалық емтихан тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Емтихан нәтижесінде дзюдо төрешілері Continental және International дәрежесіне қол жеткізеді.

Қазақстандық мамандар Асхат Жіткеев - International, Қайыржан Сүлейменов пен Павел Ермошенко Continental дәрежедегі төреші атағына ие болды.

Бұл - төрешілердің Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сай, құрлықтық және әлемдік жарыстарда, атап айтқанда, Гран-при, Grand Slam, Masters, әлем чеммионаты мен Олимпиада ойындарырда төрелік етуге мүмкіндік береді.

Емтиханға Қазақстан, Австралия, Қытай, Хорватия, Германия, Гонконг, Үндістан, Иран, Жапония, Қыоғызстан, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Молдова, Моңғолия, Словения, Тәжікстан, Түркіменстан, Тайпей және АҚШ елдерінен Continental санатына 15, International санатына 17 төреші қатысты.

Халықаралық дзюдо федерациясының мұрындық болуымен Қазақстан дзюдо федерациясы ұйымдастырған семинар-емтиханға Халықаралық дзюдо федерациясының рефери директорлары – Чжон Ки ЕН, Армен Багдасаров, Азия дзюдо одағының рефери директорлары Осако Акинабу, Набел Абдрабалнаби жетекшілік етті.

Айта кетерлігі, емтиханға дайындық мақсатында 1-2 шілде күндері Алматы қаласындағы Дзюдо академиясында төрешілерге арналған семинар ұйымдастырылды. 3 шілде күні төрешілер теориялық бөлім бойынша жазбаша және сұхбаттасу форматында емтиханның бірінші кезеңін тапсырды. Емтиханның практикалық кезеңі жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогі аясында өтті.

Өзгелердің жаңалығы