Алматыда «Доп бер!» баскетбол лигасының финалы өтті

14 Мамыр 2023, 14:44
1045
Бөлісу:
Алматыда «Доп бер!» баскетбол лигасының финалы өтті
Фото: Қайрат Қонысбай

Алматы қаласы әкімінің қолдауымен Баулан Шолақ атындағы спорт сарайында мектеп оқушылары арасында баскетбол лигасының финалы өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.

Жарыс басталар алдында чирлидинг коммандасы ән шырқап, би билеп қатысушылардың ынта-жігерін арттырды. Мектеп аралық чемпионатта үздік коммандалар бақ сынады.

Жарыстың өтуіне күш салған ата-аналарға, мектеп басшылығына, жаттықтырушыларға, қала әкімдігіне алғыс білдіремін. Жарыс өте қызу өтті. Қатысушылардың дайындығы тамаша. Бәрі де марапатқа лайықты коммандалар. Менен республикалық лигалар қашан ұйымдастырылады деп жиі сұрайды. Меніңше, алдағы 3 жылдан кейін өткізуміз мүмкін, – дейді  «Доп бер!» баскетбол лигасың төрағасы Ерлан Ахтанов.

Бірінші матчта Tamos Education физика-математика мектебі мен New Generation School командалары жарысты. Ойынның қарқынды басталуына қарамастан, Тамос бүркіттері жеңіліске ұшырады. Матчтың 4-ші кезеңі 85-68 есебімен NGS мектебінің оқушыларының  пайдасына шешілді.

Келесі матч Kau School мен Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп оқушылары арасында өтті. Бірінші кезеңнен бастап Ш. Уәлиханов оөушылары ойында табандылық танытып, оқ бойы озды. Kau 52 ұпай иеленсе, Ш.Уәлизанов 61 ұпаймен жеңіске жетті.  

Лиганың соңғы матчы Tamos Education (басқа жас санаты) және High tech Academy командалары арасында өтті. Ойынның көркін қыздырған коммандалар, көрермендерге жақсы көңіл күй силады. Tamos Education коммандасы 80- 37 есебімен жеңіс тұғырынан көрінді.

Марапаттау бес жас санаты бойынша өтті. Баскетбол маусымының 3,4,5 санаттағы командалары медальдармен, кубоктармен, сертификаттармен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы