Алматыда дизель отынына қатысты ахуал қандай?

5 Сәуір 2023, 17:52
779
Бөлісу:
Алматыда дизель отынына қатысты ахуал қандай?
Фото: zakon.kz

Алматыда дизель отынын тұтыну бірден 30-35%-ға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл Алматы облысының тұрғындары мен транзиттік көлік иелерінің сұранысына байланысты. Бұл жекелеген жанармай құю бекеттеріне үзіліспен жеткізілуіне әкелді.

Бүгінде ірі желілік ЖҚС және қаланың мұнай базаларында шамамен 8,8 мың тонна дизель отыны бар, 4-5 күн ішінде шамамен 4,7 мың тонна жеткізіледі.

Әзірге, қала тұрғындарын, автобус парктері мен коммуналдық қызметтерді қамтамасыз ету мақсатында жекелеген жанармай құю бекеттеріне дизель отынының шектеулі шығарылымы енгізілді.

Алматы қаласының әкімдігі ҚТЖ және ЖМҚС желілерімен бірлесіп тұрақты негізде жолда дизель отынына мониторинг жүргізеді. Басқа өңірлерде вагондардың тоқтап қалуына байланысты мәселелер шұғыл түрде пысықталып жатыр.

Шымкент мұнай өңдеу зауытында дизель отынын өндіру қайта басталғаннан кейін жағдай толығымен тұрақтанады. Зауыт 15 наурызда жөндеуге жабылды, ол Энергетика министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша сәуір айының бірінші онкүндігінде аяқталады

Өзгелердің жаңалығы