Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда ЕАЭО елдері Үкімет басшыларының қатысуымен "DIGITAL ALMATY: жаһандық экономиканың цифрлы болашағы" атты форум өтіп жатыр.
Жиын барысында жасанды интеллекті мен ауқымды деректерді пайдалана отырып аймақтың тұрақты даму жолын қалыптастыру мәселесі қаралмақ.Форумға сондай-ақ саясаткерлер, СЕО мамандары және ақпараттық технология саласы бойынша халықаралық сарапшылар қатысы жатыр.
Форумдағы маңызды пленарлық отырыс Қазақстан, Армения, Белорус, Қырғызстан және Молдова премьер-министрлерінің қатысыуымен өтетін жиын болмақ.
Бұл отырыста сарапшылар жасанды интеллекті мен ауқымды деректер саласы бойынша өзара қатынаста жұмыс істеп, осы салада инфрақұрылым құру қажеттілігін талқылайды.
Пленарлық отырыс барысында сонымен қатар, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильд, UNICEF-нің инновация бойынша аға кеңесшісі Кристофер Фабиан, Amazon Web Services компаниясының трансформация бойынша директоры Лиам Максвелл және АҚШ-тың технологиялық индустриясының негізін қалаушылар цифрлы болашақ бойынша өз ойларымен бөліседі.