Алматыда депутат болу үшін тегін такси болған кандидат жазаланды

17 Наурыз 2023, 12:22
875
Бөлісу:
Алматыда депутат болу үшін тегін такси болған кандидат жазаланды
Фото: ВКонтакте

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласындағы тағы бір кандидат Кодекстің122-бабы бойынша жазаға тартылды. Ол сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзып, азаматтарға тегін такси қызметін көрсеткен. Кінәсін мойындады, оның да тіркеуінің күші жойылды. Үгіт жүргізу кезінде Қарағанды қаласының екі тұрғыны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 114-бабы бойынша үгіт материалдарын жұлып, бүлдіргені үшін жауапқа тартылды, - деп атап өтті Бас прокурордың орынбасары. 

Сонымен қатар ол қоғамдық пікірге заңсыз сауалнама жүргізу деректері де кездескенін алға тартты.

 3 факт сайлау бойынша Астана және Алматы қаласында қоғамдық пікірге заңсыз сауалнама жүргізумен байланысты болды. Өздеріңіз білесіздер, оларды (қоғамдық пікір алуды – ред.) 5 жылдық тәжірибесі бар және Орталық сайлау комиссиясын алдын ала хабардар еткен заңды тұлғалар ғана жүргізуге құқылы. Осы заң талаптарын бұзған екі жеке тұлға және бір заңды тұлға әкімшілік жазаға тартылды. Бұл сауалнамалардың барлығы әлеуметтік желілерде жүргізілген болатын, - деді Жандос Өмірәлиев. 

Өзгелердің жаңалығы