Алматыда денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2,5 есеге ұлғайтылды

5 Қараша 2024, 09:45
271
Бөлісу:
Алматыда денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2,5 есеге ұлғайтылды
Фото: Артём Чурсинов -архив

2024 жылы денсаулық сақтауды жаңғыртуға 26,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыда денсаулық сақтау жүйесі жақсы дамып келеді.

Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы инфрақұрылымды жақсарту шараларын хабарлады:

2024 жылдың тамызында Қазақстанда алғаш рет 3 жасқа дейінгі балалардағы мүгедектіктің алдын алу мақсатында Ерте араласу орталығы ашылды.

Екі БМСК орталығы, бір емхана және Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығының жаңа корпусы ашылды.

Жаңа екі емхана салу және бес ірі аурухананы жаңғыртуға арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу жыл соңына дейін аяқталады. Құрылыс жұмыстары 2025-2026 жылдарға жоспарланған.

2024 жылы денсаулық сақтауды жаңғыртуға 26,3 млрд теңге бөлінді, бұл бұған дейінгі көлемнен 2,5 есеге көп. 2025 жылы бюджет 69,4 млрд теңгеге дейін ұлғаяды.

Өзгелердің жаңалығы