Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда демалыс күндері Тәжікстанның ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

19 Қыркүйек 2025, 13:51
720
Бөлісу:
 Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

20-21 қыркүйекте Алматының Алатау ауданында Тәжікстанның Хатлон облысынан келген 40 фермер 200 тоннадан астам жаңа өнім әкелетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жеміс-жидек, көкөніс, шығыс тәттілері делдалсыз қолжетімді бағамен сатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Момышұлы мен Универсиада көшелерінің қиылысында орналасқан «Алатау» театрының алдындағы автотұрақ екі күнге шығыс дәмі мен иісінің орталығына айналады.

Шамамен 40 тәжік тауар өндірушісі қалаға 200 тоннадан астам жаңа ауыл шаруашылығы өнімін жеткізеді. Жәрмеңкеде маусымдық жеміс-жидектер, көкөністер, хош иісті құрғақ жемістер мен дәстүрлі шығыс тәттілері молынан ұсынылып, оларды делдалсыз, қолжетімді бағамен тікелей фермерлерден сатып алуға болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – табиғи өнімдерді насихаттап қана қоймай, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту.

Өзгелердің жаңалығы