Алматыда демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылады

12 Тамыз 2022, 16:11
1423
Бөлісу:
Алматыда демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылады

Бұл туралы Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Сапар Нұрашев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында апта сайын Масанчи көшесінде Әйтеке би көшесінен Гоголь көшесіне дейін «Демалыс күні» жәрмеңкелері өткізіледі. Жәрмеңкеге Алматы облысы Қарасай ауданынан 90-нан астам шаруа қожалықтары мен аудан кәсіпкерлері қатысуда, - деді С.Нұрашев.

Ол өткен кезеңде жәрмеңкедегі баға тұрақты, орташа алғанда нарықтық бағадан 10%-ға төмен болғанын атап өтті. Тұрғындарды қамту 35% құрайды.

Сондай-ақ, Жібек жолы көшесінде Сейфуллин даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің аралығында әр айдың соңғы демалыс күндері халықаралық шеберлерді тарту арқылы қолөнер жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.

Сонымен қатар, әкім орынбасарының айтуынша, аудандағы сауда орындарында және базарларда ӘМАТ бағасына апта сайын мониторинг жүргізіледі. Ауданда 408 үй жанындағы дүкен бар. Бүгінде 400-ден астам дүкен мен 6 базар тексеріліп, сауда үстемесінің 15 пайыздан аспауының алдын алу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, аудан әкімдігімен ұсынылған бағалар бойынша тауарларды сатып алу үшін ӘМАТ жеткізу бойынша бірыңғай көтерме сауда операторының байланыстары таратылды.
 

Өзгелердің жаңалығы