Алматыда «демалыс күнгі» жәрмеңкелер қайта ашылады

<h4> Алматы, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты&nbsp;кезең-кезеңімен «демалыс күнгі» жәрмеңкелер ашу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.<br> </h4>

 18 Қыркүйек 2020 2020, 18:25
18 Қыркүйек 2020 2020, 18:25
1528

Алматы, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты кезең-кезеңімен «демалыс күнгі» жәрмеңкелер ашу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Бірінші кезеңде Бостандық («Қазақфильм» шағын ауданы), Әуезов (Абай даңғылы – Өтеген батыр көшесі) және Алмалы (Гоголь – Масанчи көшесі) аудандарының жәрмеңкелері қызметін қайта бастайды. Олар өздерінің жұмыстарын осы демалыс күндері: 19-20 қыркүйекте бастайды. Қалған «демалыс күнгі» жәрмеңкелерді ашу мәселесі қосымша қаралады, - делінген хабарламада.

Барлық нысандарға санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың талаптары (бетперделер мен антисептиктердің, келушілерге арналған термометрияның болуы, әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы) қойылады.

Наверх