Алматы қаласында алғашқы сайлаушыларға арнайы сыйлықтар беріліп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Дауыс беру басталғанға дейін де халық сайлау пункттеріне тартылды. №82, №85 учаскелері орналасқан 8 мектеп-гимназиясының есіктері таңғы сағат 7.00-де ашылды. Дегенмен, өздерінің азаматтық борышын орындағысы келетіндер аз болған жоқ.
Бірінші болып дауыс беруге келдім. Менің ойымша, мұндай оқиғаларды жіберіп алмау керек. Қарапайым қала тұрғындары болсақ та, мемлекет мінберінде отыратын депутаттар халық таңдауымен отыруы керек. Осылайша аз да болса, елімізді көркейтуге атсалысамыз, – дейді №86-учаскеге келген Асқар Жұмаділ.
Сондай-ақ сайлау учаскесіне келген ең егде жастағы қала тұрғынындарына да сыйлық табысталады.
Жалпы ауданның сайлау учаскелерінде отбасымен келген дауыс берушілерге де арнайы сыйлықтар қарастырылған. Олардың алғашқылары тұрғындарға беріліп те үлгерді.
Айта кеткен жөн, әрбір сәтті дауыс берген жүздікті толықтыратын сайлаушыларға да (100-ші, 200-ші және т.б) арнайы дайындалған сыйлықтар бар.
Бүгін біз дауыс беруге бірінші болып келгендерге Қазақстан шоколадын табыстадық. Сайлауға алғаш рет келгендерді де жігерлендіреміз. Жалпы, атмосфера салтанатты, сайлау процесінің ыңғайлылығы үшін барлық жағдай жасалғанын атап өткім келеді, – дейді № 169 сайлау-учаскенің учаскелік сайлау комиссиясы.