Алматыда дәмхана отқа оранды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Сейфуллин даңғылында орналасқан дәмханадан өрт шығып, 8 адам құтқарылды, деп хабарлайды&nbsp;қалалық ТЖД баспасөз қызметі.</h4>

25 Қазан 2020 2020, 03:30
АВТОР
 25 Қазан 2020 2020, 03:30
25 Қазан 2020 2020, 03:30
1487

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Сейфуллин даңғылында орналасқан дәмханадан өрт шығып, 8 адам құтқарылды, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

24 қазан күні «Қазына» дәмханасынан өрт шықты. Оқиға орнына барған ТЖД қызметкерлері өрттің жылдам күшейіп жатқанын анықтады. Өрттен 8 адам құтқарылып, 20 адам эвакуацияланды, - деп жазылған хабарламада.
Алматы ТЖД адамдар көп жиналатын объектілерде өрттің алғашқы белгілері кезінде (күйіктің иісі, түтін, дабылдың іске қосылуы) тез арада нұсқағыштарға қарап эвакуациялық шығу жолдарын тауып, ғимараттан шығу керек екенін ескертеді. Олардың айтуынша, өрттің алғашқы минуттарында түтін үлкен қауіп төндіреді және адам 2-3 минуттан кейін есін жоғалтуы мүмкін.



Наверх