Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2019 жылдың 5 желтоқсанында сағат 12:55 кезінде құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексереді.
Тексеру электр дабылдарын қосу арқылы "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру сигналын беріп, теле және радио тарату арналарын автоматты түрде қамтумен бір уақытта халықты құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіліп жатқандығы туралы хабар беру қарастырылуда,-делінген хабарламада.
Қала бойынша әр айдың бірінші бейсенбі күнінде сағат 12:55-те құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіледі. Осыған байланысты Департамент қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға шақырады!