Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы №36 емханасының педиатр-дәрігері Майя Шегебаева COVID-19 инфекциясын балалар қалай өткеріп жатқанын айтты.
Оның айтуынша, балалардағы коронавирус инфекциясы ересектерге қарағанда жеңіл өтеді, кейбір кезде тіпті симптомсыз болады екен.
Балалардағы ауру белгілері әлсіздік, сылбырлық, бас ауруы, ЖРВИ белгілері, дене қызуының көтерілуі, тәбетінің жоғалуы, іш ауыруы секілді белгілер болады. Сонымен қатар, балалар ересектерге қарағанда инфекцияны жақсы көтереді,- дейді маман.
Сонымен қатар ол балаларда коронавирус инфекциясының өкпеге зақым келтіру жағдайы тіркелмегенін жеткізді.
Балалардағы COVID-19 жоғарғы тыныс алу жолдарына (мұрын, ауыз, тамағына) зақым келтіреді, сол себепті, оларда суық тиген секілді симптомдар (температура, мұрынның бітуі, тамағының ауыруы немесе жыбырлауы) болады, вирус төменгі тыныс алу жолы- өкпеге әсерін тигізбейді және біздің тәжірибеде өміріне қауіп төндіретіндей пневмония балаларда да анықталмаған. Дегенмен, балаларда ковидтен соңғы синдромдар болуы мүмкін. Сондықтан да сауығып болғаннан кейін учаскелік дәрігерде тексерістен өту қажет,-дейді дәрігер.
Кейде балалардағы ковидтен кейінгі синдром ұйқысыздықпен, бұлшық еттерінің, асқазан-ішек жолының, жүрек жағының ауыруымен, көңіл аудару сезімінің бұзылуымен өтеді екен.
Егер мұндай симптомдар ауырып өткен коронавирустық инфекция кезінде кездессе, балаларды денсаулығын оңалтып жақсарту мақсатында қалалық, республикалық маңыздағы балалар санаториі секілді емдеу мекемелеріне жібереміз. Денсаулықты оңалтып, жақсарту үшін: қозғалу, жүру режимін, толыққанды балансты тамақтану, массаж жасау, тыныс алу жаттығуы, емдік дене шынықтыру және тренажерларда жаттығу жасау, дербес психотерапия, физиотерапия, дәрі-дәрмекпен терапия жүргізу, фитотерапиядан өту қажет,-дейді Шегебаева.
Оңалту курсынан 10-14 күн аралығында өту керек екен. Бұл жерде ЖРВИ-дан кейін жиі ауратын, бронх демікпесімен, неврологиялық, гастроэнтерологиялық және кардиологиялық патологиямен ауратын балаларды да денсаулығын оңалту үшін жіберіп отыратын көрінеді.
Сонымен қатар ол балаларға аурудың алдын алу жөнінде кеңінен түсіндіру қажеттігін айтады.
Балабақшадан немесе мектептен келгенде әрдайым қолды жуу керек. Аурудың алдын алуға сондай-ақ, ылғалды сулық немесе зарарсыздандырушы ерітіндіні қолдануға болады. Бетіне қолымен тиісуге болмайды. Балапан балабақшаға баруы үшін ағзасының күшін нығайтып, ой-санасын дамытатын ойындарды, үйірме және секцияларға баруы маңызды және де ауруының негізгі симптомдары жоғалғанша көпшілік балалар жүретін жерге бармауы керек. Дәрігер, ауырып болғаннан соң баланың режимі сақталып, тамақтану рационы витаминдерге бай түрлі болуы тиіс. Сондай-ақ, бұл кезеңде баланың ағзасын А,В, витаминдерімен, және полидәрумендермен құнарлату қажет,-дейді ол.