Алматыда Clean & Green жалпықалалық сенбілігі өтіп жатыр

22 Сәуір 2023, 10:39
776
Бөлісу:
Алматыда Clean & Green жалпықалалық сенбілігі өтіп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Алматы да табиғатты қорғау мақсатында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Аталмыш акция қаламыздың 8 ауанында өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі. 

Сенбілік басталар алдында тұрғындар 15 минуттық таңертеңгілік жаттығулар жасап, йога және зумба биін биледі. Келген адамдарға қажетті құрал саймандарды Алматы қаласының әкімдігі үйлестірді. Қатысушыларға қолғап, қап, күрек, тырма сынды құрал-жабдықтар қарастырылған. 

Алматыда Clean & Green жалпықалалық сенбілігі өтіп жатыр

Сондай-ақ сенбілікке келген тұрғындардың көңіл-күйін көтеру мақсатында қазақ эстрадасының әншілері, цирк өнерпаздары өз-өнерлерін паш етті. Бұдан бөлек, адамдарға тегін су мен тамақ таратылды. 

Әсем Алматыда үлкен сенбілік өтіп жатыр. Біріншіден, осындай шараны ұйымдастыруға көмектескен әкімшілікке алғысымды білдіремін. Бұл өте жақсы бастама, жыл сайын өткізіледі.Алматы өзі талымен, жасыл желегімен ерекше қала ғой. Бірақ алмаларымыз азайып бара жатыр. Бірақ мына ғылым арқылы бұл мәселені шешіп, Алматы деген атымызды қайта шығара аламыз деп сенемін.
Енді мен қала тұрғындары мен азаматтарымызды тек әкімшілік ұйымдастырған сенбілікте ғана жиналмай, өздері де бас қосып, көршілер болып, үй маңында тал егуге шақырамын. Жыл сайын адамдар осылай ағаш егіп тұрса, біздің қаламыз одан сайын көркейеді, – дейді ҚР еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаев. 

Сенбілік аясында Алматы қаласының тұрғындарына тегін көшеттер берілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 1 күнде қала бойынша 5 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған. 

Алматыда Clean & Green жалпықалалық сенбілігі өтіп жатыр

Бүгінгі сенбілігіміз өте ерекше өтіп жатыр. Қала тұрғындары табиғатты тазартып қана қоймай, көшеттерді өз қолдарымен отырғызуда. Шаршаған сәттерінде тамақ әзірленіп, тегін су таратылды. Биылғы сенбілікте қаланың әр аймағы қамтылды. Тіпті, қала әкімінің өзі де сенбілікке қатысты. Осылайша әр адам өзі тұратын аймағының таза болуына үлес қосуда. Алдағы уақытта да осындай іс-шаралар ұйымдастырылады деген сенімдеміз, – деді «Posadiderevo.kz» ұйымының өкілі Данияр Жолдасбаев.

Аталмыш акциядан кейін қоқыстар арнайы полигондарға төгілетін болады. Сонымен қатар сенбіліктен соң қатысушылар арасында экологияға қатысты ойындар ойнатылып, викториналық сұрақтар қойылады. Тіпті бағалы сыйлықтар да ұтысқа түсті. 

Алматыда Clean & Green жалпықалалық сенбілігі өтіп жатыр

Сенбілікке жыл сайын шығамын. Өзім осы саябақта жүгіріп, жаттығу жасаймын. Қоқыстардың шашылып жатқанын көргенде жүрегіміз ауырады. Жастарды осындай сенбілікке шақырғым келеді. Өздері тұрған аймақтарға сүйіспеншілікпен қараса деймін. Қараңызшы біздің табиғатымыз қандай тамаша, ауа-райыда қолайлы. Осы бір сұлулықты аялап ұстағанмыз абзал. Жас кезімдегідей Алматыда ағаштардың көбейіп, ауа тазарып, экологиямыздың жақсарғанын қалаймын, – дейді Құрманбек Салқынбеков есімді қала түрғыны. 

Алматыда Clean & Green жалпықалалық сенбілігі өтіп жатыр

Айта кетейік, Алматы қалалық жалпықалалық сенбілікті өткізуді қолға алғандар: Қазақстанның көгалдандырушылар қауымдастығы, ECONETWORK РҚҰ, «Posadiderevo.kz», «Спорттық туристер достастығы» ҚБ. Қоғамдық ұйымдар әлеуметтік желілерде акцияны заманауи форматта өткізуге шақырды.

Алматыда Clean & Green жалпықалалық сенбілігі өтіп жатыр
Өзгелердің жаңалығы