Фестиваль «Almaty student’s week» апталығының бір бөлігі болып, Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өтті.
Қатысушылар еңбек нарығының талаптары туралы біліп, университеттер және жұмыс берушілермен тікелей қарым-қатынас жасай алды.
IT, фитнес және шығармашылық бойынша шеберлік дәрістері өткізілді.
Фестиваль жастардың кәсіби және тұлғалық дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
Қатысушылар: 2000-нан астам мектеп түлегі мен жұмыссыз жастар
ЖОО: 26 университет
Компания: 30 ірі жұмыс беруші
Вакансия: 400-ден астам
Ұйымдастырушылар келесі жылы тағы да іс-шараны өткізуді жоспарлап отыр!