Алматыда бұқаралық веложарыс өтеді

3 Тамыз 2022, 09:45
1325
Бөлісу:
Алматыда бұқаралық веложарыс өтеді
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

7 тамыз жексенбі күні таңғы сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл Visa Tour of World Class Almaty 2022 веложарысын өткізуге байланысты.

Алматыда бұқаралық веложарыс өтеді

Әуесқой велосипедшілер үшін жарыс 8:00-де 14 шақырымдық  балалар қашықтығынан басталады. 32 км қашықтыққа қатысушылар Шығыс айналма жолымен (ШААЖ) Рысқұлов даңғылындағы жолайрықты айналып өтеді. Әл-Фараби даңғылы бойымен Mega Almaty СОО мәреге жетеді. 52 км қашықтыққа қатысушылар Саин көшесімен Рысқұлов даңғылына дейін жүріп өтеді. Кейін жарыс СОО-да аяқталады.

Алматыда бұқаралық веложарыс өтеді

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жолдар жарыс өткен сайын ашылады. Толық қозғалыс 13:00-ге дейін қалпына келтіріледі.

Өзгелердің жаңалығы