Алматыда браконьерден 50 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді

31 Қазан 2024, 06:40
235
Бөлісу:
Алматыда браконьерден 50 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді
Фото: baq.kz

27 қазанда "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Балқаш ауданының Құйған ауылы маңында полицейлер көрші Жамбыл облысының 45 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Балқаш аудандық полициясының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша ер адам моторлы қайықпен және тыйым салынған моножіпті торлармен балық аулаған.

Тінту кезінде құқық бұзушыдан 50 келіден астам көксерке, сонымен қатар заңсыз аулау құралдары табылды. Күдіктіге қатысты балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мемлекетке келтірілген залал 425 844 теңгені құрайды, – деп атап өтті Балқаш аудандық полициясының бастығы Айдар Умаров.

Өзгелердің жаңалығы