Кіші Алматы және Үлкен Алматы өзендері бассейндерінің жоғарғы ағысында шағын қар көшкіндері байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Талғар өзені алабында қар көшкіні көлемі 300 текше метрге дейін жетті. Барлық қар көшкіні тау беткейінде тоқтады. Айтарлықтай көлемдегі қар көшкіні тіркелген жоқ. Объектілерге қар көшкіні қаупінің төнуі анықталған жоқ.
Мұздақ көлдер қысқы режимде, қар мен мұзбен жабылған. Көлдердегі мұздықтардың немесе мұздардың зақымдануы анықталған жоқ. Су шығынының шегі қалыпты деңгейде, өзгеріс жоқ. Биік таулы аймақтардағы қардың қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Көл бөгеттерінде немесе құрылыстардың төменгі ағыстарында көзге көрінетін фильтрация белгілері табылған жоқ. Опырылым немесе көшкіннің ізі анықталған жоқ, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.
Аэровизуалды тексеру жүргізілді
Сел, қар көшкіні жағдайын, мұздақ-мұздық кешендерінің, өзендерінің сел қаупі бар арналарының жай-күйін бағалау мақсатында ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ Қазавиақұтқару тікұшағында Іле Алатауы жотасының орталық бөлігінің бассейндері бойынша Қаскелең өзені бассейнінен Талғар өзеніне дейін аэровизуалды зерттеу жүргізілді.