Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оларға 29 жасқа дейінгі жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үміткер бола алады.
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Грант сомасы 400 АЕК-ке жетеді (1 225 200 теңге).
ШОБ қала экономикасында жетекші орынға ие және мұнда 10 алматылықтардың 6-ы істейді. Осы жылдан бастап гранттарды сертификатсыз алуға болады. Өтінімдер сәуірден қараша аралығында қабылданады, нақты мерзімдері мен кезеңдерін қосымша хабарлаймыз, – деп атап өтті Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Зафар Аппазов.
Өтінімді ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап business.enbek.kz порталы арқылы беруге болады.
Грант алу үшін мыналар қажет:
• тіркелген жұмыссыз мәртебесі немесе мерзімі 1 жылдан аспайтын ЖК болуы;
• Алматы қаласында тұрақты, уақытша (1 жылдан кем емес) тіркелу;
• business.enbek.kz порталында тіркелу;
• бизнес-жоспардың болуы. Үміткерлер бизнес-жоспарды өздері дербес жасайды.
Ол келесі критерийлер бойынша бағаланады:
- бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі;
- өткізу нарықтарының пысықталуы;
- бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі;
- кәсіпкерлік дағдылар деңгейі;
- жаңа жұмыс орындарын құру.
Өтінімдерді қарау мерзімі - 10 жұмыс күні. Гранттарды Халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынады. Олар жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың табысын арттыру үшін кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында беріледі.