Алматыда биыл 50 мыңға жуық жұмыс орны құрылады

21 Қаңтар 2022, 16:07
1538
Бөлісу:
Алматыда биыл 50 мыңға жуық жұмыс орны құрылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы жұмыссыздық 5,3%-дан 5,1%-ға дейін төмендеді. Еңбек министрлігімен жаңа жұмыс орындарын құру жоспары 51,7 мың болып тағайындалған, алайда бір жылда 55,5 мың құрылды.

Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқимов ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты.

Қиқимов жұмыссыздықты азайту жөніндегі істер биыл да жалғасатын жеткізді. Биыл тек 7 ұлттық жоба аясында 13 267 жұмыс орнын құру жоспарланған.

«Сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында - 2393 жұмыс орны, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» - 1205, «Кәсіпкерлікті дамыту» - 9223, «Орнықты экономикалық өсу» - 387, «Ұлттық рухани жаңғыру» бойынша - 59 жұмыс орны құрылады. Жеке бастамалар шеңберінде 3 әкімшімен 500 жұмыс орнын құрумен 20 жоба іске асырылады,-деді ол.

Сонымен қатар ол кәсіпкерлік субъектілері қаланың 8 ауданында 30 994 жұмыс орнын құруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Атап айтқанда Алатау ауданында – 3800, Алмалы ауданы – 4190, Әуезов ауданы – 4500, Бостандық ауданы – 4104, Жетісу ауданы – 3500, Медеу ауданы – 3700, Наурызбай ауданы – 3400, Түрксіб ауданы – 3800 жұмыс орны ашылады.

Жалпы аталған шаралар аясында 50 мыңнан кем емес жұмыс орны құрылады. Қала әкімі айтқандай жастарды кәсіптік техникалық даярлау және жұмысқа орналастыра отырып, жұмыссыздарды қайта оқыту күшейтіледі. Бұл бағытта жұмыссыздарды оқыту үшін қысқа мерзімді, яғни 3 айлық оқу бағдарламаларын қайта қараймыз,-деді М. Қиқимов.

Сондай-ақ ол кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлемді субсидиялай отырып, жұмыс берушілердің жұмыс орнында оқыту бойынша жаңа механизді іске қосатындарын айтты.

Өзгелердің жаңалығы