Алматыда бірқатар заңсыз коммерциялық нүктелер бұзылып жатыр

Бүгiн, 03:45
269
Бөлісу:
Алматыда бірқатар заңсыз коммерциялық нүктелер бұзылып жатыр

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Жароков көшесі, 240/6 уч. бойынша рұқсат құжаттарынсыз салынған коммерциялық үй-жайлардың бөлшектелгені туралы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін жоспардан тыс тексеру аясында басқарма "МАДИНА" ЖШС-не қатысты әкімшілік шаралар қабылдап, бұзушылықтарды жоюға нұсқама берген болатын. Бүгінгі таңда меншік иесі нұсқама талаптарын орындау үшін объектіні ерікті түрде бөлшектеп жатыр, – деп жазылған хабарламада.

Жалпы, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 68 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылды.

Өзгелердің жаңалығы